31.08.2022
106
Көңiлiн табам ба деп әр адамның...
Көңiлiн табам ба деп әр адамның,
Көшелi кiшiлiкпен қарағанмын.
Жайдақ су,
Жайылмадан тапқаным сол,
Жүн болып жүйкем бүгiн жараландым.
Талпындым әр жүректi түсiнбекке,
Зәуiде зая болды күшiм текке.
Бiреулер бөктергiмен
бөрлiктiрдi,
Көлбетсем көңiлiмнiң құсын көкке.
Жалбақтап жұртым, әсте,
жан бақпаған,
Ендеше несiне мен жалбақ болам?
Жетедi өзiмдi-өзiм тұсағаным,
Құрысын алдын-артын салмақтаған.
Жетедi мiнезiмдi жасырғаным,
Тот басып тозар болды асылдарым.
Төбелер
жанартауға айналатын,
Кешiрмей кiр табанға басылғанын.
Тағдырдан сыйым қайда күткен менiң,
Жетедi өзiме өзiм тiк келгенiм.
Онсыз да пердесi көп дүниеге
Пердемен қарағаннан түк көрмедiм.