31.08.2022
  102


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қара ағаш қамыққан...

Қара ағаш қамыққан,
Ақ қайың жабыққан.
Желтоқсан айы бұл –
Долданып, жаныққан.
Көңілім – құла дүз,
Жағдайын сұраңыз.
Сезімнің халінен
Айта алар бір аңыз.
Қара ағаш сезеді –
Шерленер өзегі.
Желтоқсан жанымды
Жел болып кезеді.
Ақ қайың сыр сұрар –
Айту бір мұң шығар.
Ақ ұлпа ойларым
Ақ қарға тұншығар.
Қорғансыз гүл-үміт,
Ызғарға ұрынып,
Солады-ау, қайтейін,
Жалғаннан түңіліп.
Қара ағаш қамығып,
Ақ қайың жабығып,
Күтеді бір жанды
Мен болып зарығып.
...Желтоқсан айы бұл...





Пікір жазу