31.08.2022
145
Ай туыпты тігінен...
Ай туыпты тігінен –
Айналайын деп тұрдым.
Айға қарап түнімен
Ақ қағазға төктім мұң.
Ай туыпты ағарып,
Айтылады-ау бір арман.
Жандағы мұң жаңарып,
Қолын бұлғап тұр алдан.
Ай жылады, білдің бе?
Айнығаның бұл сенің
Селт етпеді түн мүлде –
Сенделеді тұл сенім...