31.08.2022
  93


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Зевстің тойы немесе түнгі теңеулер

Аспанның қиғаш қасындай,
Дидарын бұлтқа жасырды Ай.
Шашырап жатыр жұлдыздар,
Терiлмей қалған шашудай.
Жайнап тұр аспан моншақтай,
Жұлдыздар – күмiс бауырсақтай.
Теректер – соны терсем деп,
Созылып тұрған саусақтай.
«Жатыр, – деп – тойға жұрт келмей»,
Құс жолы сырын iрiккендей.
Аспанды ақ бұлт сүртедi
Айнаның жүзiн сүрткендей.
...Көктегi тойға бар әлем
Қамданып жатыр
Қарап ем...
Шақырса Зевс
Мен дағы
Осы бiр тойға барар ем!





Пікір жазу