31.08.2022
82
![](/uploads/shorttexts/author_image/esd-ulet[3].jpg)
ЖҰМБАҚ АЙТЫҢЫЗДАР...
Жұмбақ айтыңыздар, шешейiк,
Жұмбақсыз ғұмыр кешейiк.
Дүние сырын барлаумен
Келе жатырмыз ғой есейiп.
Қиындық келiп бетпе-бет,
Тағдырға жүрсек өкпелеп.
Өзгеге кiнә артамыз,
Өзiмiз қалып шеткерек.
Бiреудi бiреу ұғынса,
Көңiлдiң кiрi жуылса,
Бұйығып жүрген жүректер
Бiрiнен-бiрi жылынса.
Жауапсыз сұрақ қалар ма,
Дүние жұмбақталар ма?
Бiреудiң асыл сезiмi,
Бiреуге жұмбақ болар ма?