31.08.2022
87
Түңiлмеңдер ақыннан
Түңiлмеңдер ақыннан
Дыр-думан қуып кеттi деп.
Жүрегi тойға шақырған
Көкiрегiн оның тепкiлеп.
Ақынды жiбер еркiне,
Тепсiнiп жырын оқысын.
Өртесiн өлең өртiмен
Дүниенiң күллi қоқысын.
Сөз берме, мейлi сен оған
Қызынса шыдап ол тұрмас.
Шалқыса да асып шамадан
Шабыты әсте сарқылмас.
Кейiстi мiнез көрсетпе,
Жырына қол соқ, со жетер.
Сәбидей жүрген емшекте
Ақын да қолпаш дәметер.