31.08.2022
109
КЕСIЛГЕН АҒАШ
Жапырақтары жайқалып тұрған,
Нар ағаш едi найқалып тұрған.
Аран тiс ара қыршынын қиып,
Шатырлап құлап, шайқалып тынған.
Томырық түбiр,
Кесiлген ағаш...
Жантайды жердiң төсiнде оғаш.
Жан тәсiлiм боп, жан берiп жатқан
Адамдай сұлап, көсiлген қораш.
Қымбаттай түсiп тiршiлiк-арман,
Күңiренiп тұр күрсiнiп орман.
Құлаған ағаш...
Құстары үрiктi-ау,
Ашылмай қанша бүршiгi қалған?..
«Тiрлiк бар ма екен құрбан болмай...» деп,
Түнередi орман қиналғандай боп.
Батып тұр мұңға ағаштар
Достың
Жаназасына жиналғандай боп.
Орманның көрдiм жыр кеткен кезiн,
Қапа мен қайғы, мұң жеткен кезiн.
Ағаш екеш-ау ағашқа дейiн
Әсерi тиген бұл неткен сезiм?!.
Айдары шербек ала таң шығып,
Қайғырады орман шара таусылып.
Сезбеген ұлдай жетiм қалғанын
Қалғиды қамсыз балапан шыбық...