31.08.2022
124

ЖАЛБЫЗ
Жылғаның бойын жағалап,
Жалбыздың иiсiн жұтқан шақ.
Жапырақтардан домалап
Жаңбырлаушы едi-ау шық моншақ.
Жанары жұмсақ таң-қыздың
Жамылып нұрын ақ желең,
Жұпарын жұтсаң жалбыздың
Жасарады екен жан, денең.