31.08.2022
  76


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ӨЛIАРА ЭТЮДI

Қара Ертiстiң шытынап шыны реңi
Мұз бетiне қызыл су жүгiредi.
Жербауырлай жылымнан ұшқан буды
Шытқыл ауа шым-шымдап сiңiредi.
Шұғыласын шашқанмен шаттана Күн,
Табы уытсыз өлiара шақ болатын.
Әбiгерден босаған дәрiгердей
Дала жатыр айқарып ақ халатын.
Қалғып кеткен аюдай асыранды
Қарауытқан төбенiң басы қарлы.
Күңгейдегi тебiннен қорек тапқан
Қарғалардың қарасы шашыранды.
Қызыл тұяқ қойлары тебiн қуып,
Төбе үстiнде тұр шопан белiн буып.
Қызыл суға ұмтылған көк серкенi
Баласы жүр атпенен кейiн қуып.





Пікір жазу