31.08.2022
  148


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АУЫЛ. ЖЫЛҚЫ. ЖАС БАЛА

Таңғы ауыл,
Торғын самал келдi жетiп,
Селеулер сергiп қалды сәл дiр етiп,
Ұйықтап жатып жылаған сәбидейiн
Көк шалғын көз жасын тұр мөлдiретiп.
Сүрлеу жоқ бiр кездерi мен жүгiрген,
Мен тұрмын есейгенiн ендi бiлген.
Соғады жүрек қана баяғыша
Қорқамын кеудемдегi сол дүбiрден.
Жылқылар менi көрсе елеңдесiп,
Тұрғандай «жақындама, тебем» десiп.
Жас бала жүгендеп жүр,
Балалығым
Дәл соған ауысқандай менен көшiп.
Болғанмен жөнi бөлек, жолы өзге,
Атайды анасы да оны кезбе.
Бұл жылқы оны да ертең өгейсiнiп,
Өзгерiп кетер ме екен бәрi лезде?..





Пікір жазу