31.08.2022
  167


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЗАЙСАН

Матрос, суыр якорьды,
Келмейдi тұрғым жағада.
Көк теңiз менi шақырды,
Шақырды шулап шағала.
Аспанмен жатқан астасып,
Теңiздiң төсiн бетке алып,
Жағамен күлiп қоштасып,
Кетейiк жолға аттанып.
Иiс су сiңген денеме,
Сiңсiншi иiсi балдырдың.
Жол ашсын мынау кемеге
Толқыны мендiк тағдырдың.
Толқыннан жаным жаралған
Дауылды ол да тұр тiлеп.
Жағада ендi қала алман
Шақырды теңiз күркiреп.
Күйбеңмен қанша күн өттi,
Бәрiн де қайта бастайын.
Якорьға ұқсас жүректi
Теңiзге мәңгi тастайын!





Пікір жазу