31.08.2022
  83


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АЛТЫН ТАМЫР

Оралхан Бөкеевке
Ағатай, ала кетшi тауға менi,
Аңсатты ала қыстай жайлау елi.
Атамның қымызынан дәм татайын,
Биесiн биыл ерте байлап едi.
Атам да жүрген шығар жолға қарай,
Өткiзем демалысты ойда қалай!
Бал дәмi таңдайыма үйiрiлдi,
Сарсүйек болған шығар балқарағай.
Тауға апар, тауды аңсадым жазықта мен,
Әжеме алтын тамыр қазып берем.
Кәрiге қажетi не дәрiгердiң,
Тамырмен өзiм емдеп жазып келем.





Пікір жазу