meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  31.08.2022
  156


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Осынау жиырма жасымда

Осынау жиырма жасымда
Қанша көңiлдi қалдырдым екен,
Қанша үмiттi талдырдым екен –
Жоқ есте.
Қатал ма уақыт расында,
Тентек жүрегiң жайланады екен,
Тентек күндерiң айналады екен
Елеске.
Қашан да мынау өмiрде
Қалады барлық жақсылықтарың,
Iзгiлiк толы пәк қылықтарың
Жадыңда,
Ұмытылады, тегiнде,
Жат қылықтарың – қақтаса жанды,
Жамандық иiсi жоқ болса мәңгi
Қаныңда.





Пікір жазу