31.08.2022
89
Киiз мiнез күн едi неткен мынау
Киiз мiнез күн едi неткен мынау
Мүйiзiнен шыңдардың кеткен қырау.
Бүршiгiнен бу шығып шiлiктердiң
Бозторғай боп жырлайды көктем жырау.
Көкжиекте бұлттардың қабағы ашық,
Шұғылаға аунайды араласып.
Күн астында болатын Күнiкей қыз
Күмiсiңдi уыстап, далаға шық!