31.08.2022
  70


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ӘЛДИ

Қайда естiдiм бұл әндi,
Жан досымдай сыралғы,
Жүрегiммен тiлдескен,
Қайда естiдiм бұл әндi?
Жанға жақын әуен бұл
Жетсе дағы жырақтан.
Жыры ма екен әжемнiң
Жөргегiмде жұбатқан.
Келдi қайта оралып,
Қаршадайдан таныс ән
Қасиеттi балалық
Әнiң келдi, өзiң жоқ.
Қалай ғана табысам!
Асылық па, тегiнде,
Жазға ұласып көктемiм,
Ой тоқтатар кезiмде
Ойсыз күндi көксеуiм?!





Пікір жазу