31.08.2022
  142


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАЙЫҢ

Өзегi берiш қайыңның
Құнарда жатты тамыры.
Долданған талай дауылдың
Жүрмедi оған өмiрi.
Тамыры терең өркеннiң
Өресi биiк болмақ-ты.
Жаз келе желек бүркендi,
Желегiн желпiп жел қақты.
Ұя-жай iздеп қашықтан
Сайрады келiп бұлбұлдар.
Қоналқа қуған ғашықтар
Олар да жеттi құрғырлар.
Бұйығы бойы таралып,
Бұрымын төгiп, өрдi ол.
Саясын жайлап халайық,
Сiңiрдей сүрлеу келдi жол.
Сонан соң, сұғып бәкiсiн,
Сорды ғой сөлiн адамдар.
Жiбермей тағы хақысын
Қопарды түбiн қабандар...
Мизамға мезгiл құлады,
Тырналы сазбен тыраулап.
Қапалы қайың жылады
Қабығын сөлi бұлаулап.
Қараша келе қар түстi
Қымталды күллi қолтықтар.
Қапталға қайың майысты,
Қолаңын көме толқып қар.
Жарықтық көктем құт берсе,
Қалың ну болар шағы бар.
Бүршiкке бұтақ бiткенше
Адамның iсi түзелер,
Қабанның тiсi қағылар!





Пікір жазу