31.08.2022
509
ТАБИҒАТ САЗЫ
Көгiлдiр таулар, көк таулар,
Көзiмнiң ұшын шектеген,
Баурайы – бақша, бақ-баулар,
Етегi қырат, көк белең.
Гүл-өрiм ашып iреңiн
Жайнап бiр қапты жағалау.
Бұлақ та сұлу дүниенiң
Табанын сүйiп ағады-ау.
Бозторғай сазы төгiлген,
Буыныңды алар масайтып.
Осынау өндiр өмiрге
Кетерсiң қалай қош айтып?!
Батыста жүзген қызыл бұлт,
Күнменен күлiп қоштасқан.
Мұнарын көктен сырылтып,
Дидарын, мiне, ашты аспан.
Қиялдап кейде отырам,
Қиыла қарап көкке мен.
Сөйлеймiн бұлттың атынан
Жаңбырым барда төкпеген.
Ақын ба шабыт отынан
Жанып бiр, ерiп кетпеген?!
Адам ба тәйiр, сұлулық
Санасына әсер етпеген?!
Жүрерсiң қалай бұл жерде
Бiреуге деген өкпемен?!
Бiреуге деген қызғаныш,
Бiреуге деген кекпенен?!
Сұлулыққа да санасы
Тазармас жанды жек көрем