31.08.2022
  91


Автор: Ұлықбек Есдәулет

КҮЗ КЕЛДI

Астанаға күз келiптi-ау тағы да,
Бiр кездегi көрiк, сәулет бақшада аз.
Дәурен сүрген бұтағынан-тағынан,
Құлап жатыр жапырақ боп Патша – Жаз.
Жапырақ пен жаңбыр жерге бас ұрып,
Шытырлаған шығарады саз бөтен.
Қимастықпен Алатауға асылып,
Жылап тұрған бұлттар емес, жаз ба екен?





Пікір жазу