31.08.2022
117

ТУҒАН ЖЕР
Жетi жаста,
Тайға мiндiк, жарыстық,
Балалықтың сол кез неткен қаны ыстық!
Шалғын иiсiн ауаға орап сiмiрдiк
Артта жатты будақ-будақ шаң ұшып.
Жаңа көрдiм:
Дала неткен кең едi,
Басып өттiк талай төмен төбенi.
Монтиып бiр көгендегi қозыдай
Ақша бұлттар төбемiзден төнедi.
Тай сүрiндi-ау,
Тұяқ шалған тас па екен?
«Жығылдым-ау!»
(Тершiп кеттi жас шекем).
Ауыртпады мамық майса қағып ап
Туған жерде құлаған да жақсы екен…