31.08.2022
88
Ұзатқанда
Менен туған жырлардың ең сұлуы,
Мен өсiрген жемiстiң ең шырыны;
Шабытымның жаралған шұрайынан,
Тал бойынан табылмас кемшiлiгi;
Ет жүрегiм осынау дүниеге
Еркелетiп жiберген елшiлiгi –
Қызым менiң барады ұзатылып.
Ұзатылып барады Назым қызым,
Тiршiлiктiң ерiтiп қалың мұзын.
Бүршiк жарған көктемде, гүлiн ашып,
Басқа бақта өткiзбек жазын, күзiн.
Ұзатылып барады Назым қызым.
Жаратылған жат жұртқа жазмыштан,
Ұясынан жаутаңдап қазым ұшқан.
Қимастық пен қуаныш тайталасып,
Күптi көңiл тылсым бiр саз ұғысқан.
Ардағыңды алысқа қимағасын,
Ет кескендей етiңнен қиналасың.
Жүрегiңнiң тамырын жұлғандай-ау,
Iшке сыйып, сыртыңа сыймағасын.
Жыр оқыңдар, жiгiттер, ән айтыңдар,
Достарымның қатарын қарайтыңдар.
Бұл өмiрде онсыз да жетiп жатыр,
Ақындарды ақымақ санайтындар.