31.08.2022
121
Шық
Шықты да күн,
Шуақтан
Шық жылады, бу ұшып.
Шымыр-шымыр суаттан
Шымал жатты су ішіп.
Шып-шып терлеп жапырақ,
Шыт көйлегін шешті аспан.
Шат-шадыман атырап,
Шілдеменен қоштасқан.
Шаңқан аспан – шарайна
Шатынаған шағы ма?
Шағырмақ күн қарай ма
Шықтың жылағанына?