31.08.2022
  231


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Құран деген – құр ән емес, нағыз ән

Құран деген – құр ән емес, нағыз ән,
Мүсілімге қасиетті мәні – заң.
Сүрелері сәуле құйып санама,
Жүрегіме зәмзәмінен тамызам.
Құран деген – құр сөз емес, кие жыр,
Құбыладан қызыр құяр ие – нұр.
Ай шуақты аяттарын аялап,
Жан-тәніңмен, ой-санаңмен сүйе біл!..





Пікір жазу