31.08.2022
  83


Автор: Ербол Бейілхан

КЕЙІПКЕР – КҮЗ

Құс жолы...
әуен толы аспан мынау,
Шөптерге қонақтапты ұшқан қырау.
Жалыңның бір тал қылын үзіп қалдым,
Кісінеп кербестідей қашқан жыл-ау!
Құс жайы...
жиі-жиі жауады аспан,
Айғыр бұлт – үйір бұлтты ала қашқан.
Сен маған сенесің бе, Кейіпкер – Күз,
Мен саған ғашық едім бала жастан.
Құс әні...
елең-елең құлақ түрем,
Күлкісің тоқтатыпты бұлақ кілең.
Жапырақ сағынышқа тоғытылып,
Мені тағы сені ойлап жылап келем.





Пікір жазу