31.08.2022
  72


Автор: Ербол Бейілхан

АЙ – ДАРА!..

Сен – Айсың, есімі – Дара,
Мен – Таумын, бесігі – нала!..
Түн болса көлге құлайсың,
Ал менде кешігу ғана...
Тауларға тас атса тағдыр,
Тауларда кешіру қана!
Бұлт шөксе басын шалады,
Тек қыран асыр салады.
Қою түн ұйықтай алмаймын,
Сынық Ай, жасын тамады...
Мас болып масайратады,
Гүлдердің жасыл шарабы...
Сен – Айсың! Қаумалар жұлдыз!
Мен – Таумын! Күндесер шың-құз.
Мезгілдер менменсігенмен,
Мұңдаспыз, екеуміз Бірміз!
Ғазалды қазан келеді,
Ай - дара, қалайсыз, бұл Күз?.





Пікір жазу