31.08.2022
96
Бір жаным бар еді – өзгенің жанында...
Бір жаным бар еді – өзгенің жанында,
Бір бағым бар еді – өзгенің бағында,
Бір әнім бар еді – өзгенің аузында,
Бір сырым бар еді – көздегі мұңымда?!..
Дәрменсіз дәруішпін, бәрі сол өзгеде,
Іске де ығым аз, ебім жоқ сөзге де...
Көрмей-ақ, қойғаным жақсы еді көркіңді
Өкпелеп қоямын қырағы көзге де...
Өкпелеп қаламын, өлеңге, Өзіңе,
Биіктеп кетемін бір жылы сөзіңе!
Жырыңды ұнатып жүруші ем жай ғана,
Ғашықпын бұл күндер ой толы көзіңе.
Тағдыр ма кінәлі, жоқ әлде өлең бе,
Сен жайлы жыр жаздым қайыңға, еменге.
Ақ жаңбыр құшақтап аспаннан құладым,
Кешірші, бұдан соң түспеймін төменге!