31.08.2022
164
Жапырақта жасыл бояу, жаз шығар...
Жапырақта жасыл бояу, жаз шығар,
Бұлақ сылдыр күлген күн.
Көл беті шу...қаңқылдаған қаз шығар,
Қаршыға қу ілген күн.
Жазға ғашық, менің мұңлы - күз көзім,
Сары гүлде сағыныш.
Е, Жаратқан, жолықтырдың бізді өзің,
Сен ғой, адам танығыш!
Жүрек еріп, көзге тұнып мейірім,
Есім шығып ерідім.
Тоңнан жібіп, торығулы көңілім,
Зулап жатыр өмірім...