31.08.2022
  89


Автор: Ербол Бейілхан

СӘУІР САЗЫ

Өлең өріп қойыпсың: тоғыз тарау,
тоқсан жол,
Саған алып бармайды жыланбауыр
қашқан жол.
Кім көрінген нәр алған
қара жермін мен деген,
Ал сен болсаң, арманым...
алқаракөк аспан бол!
Болсаң егер аспан бол, ал болмасаң,
болма түк,
Жанарыңды талдырып мен келетін
жолға тік.
Қара жерде қайғы көп, сүйем сені биіктік,
Қара түнді перде қып, аспанмен де
сүйістік...
Сарыала қаз сазымен, сен келетін
сол сәуір,
Қара тасты тесетін тынымы жоқ
тамшы ауыр.
Сен шын жыла аспаным, ақ жауынды
сағындым,
Жаңбыр күткен жермін мен,
қырық жамау, қан сауыр...





Пікір жазу