31.08.2022
  95


Автор: Ербол Бейілхан

КҮЗ – КӨКЕ

Жаз сұлу, Күзге ғашық салқын қанды,
Құба бел, елің көшті... Нарқын қалды.
Жел қуған жетім көңіл жапырақтар,
Құлазып, қоңыр қаздан ән тыңдайды.
Түндігін жел түреді қоңыр үйдің,
Қоңыр үй – қиыңды иіскеп, көңіне идім.
Өткенімсіз, өткелден өтпеспін деп –
Үйеңкіден шер толы қобыз идім.
Келешек, жылар ма екен, сарыныңа,
Байланып сенің терең тамырыңа?
Жылда кеп егізімдей күй кешесің,
Күз – Көке, ризамын сабырына.
Байқайсыз, бізді тағы іздестіріп,
Бір қызға жібердіңіз, мұң кештіріп...
Күз – Көке, сағынышым ауыр менің,
Алып кет, күреңіне мінгестіріп…





Пікір жазу