31.08.2022
100
ҚИМАСЫМДЫ...
Қымбатымды бұлдап-бұлдап жұмсаймын,
Қара базар, арзан бөз.
Көңіл көзі – кірлеп жатыр күн сайын,
«Сандық» толы арзан сөз.
Қимасымды жылай-жылай қалдырғам,
Енді алмаймын есіме...
Қарай-қарай жанарымды талдырғам,
Хобда сенің төсіне...
Асылымды қайта-қайта сүртемін,
Қалмасын деп тот басып.
Үмітім бар, сәулесіндей білтенің,
Жанар бір күн от шашып.
«Тәнім – салмақ, жаным – жұмбақ»
бір жанмын,
Көппен бірге адасқан...
Жырын сүйдім мінезі өзге бір жанның,
Арманы Аймен таласқан.
...Сенде аяулым, мені алдама өтінем,
Жолдап ушбу хатыңды.
Жек көре алмай сөзбен ғана өшірем,
Жүректегі атыңды...