31.08.2022
110
ҚҰРАЛАЙ –КӨКТЕМ!
Тамырдан – тамырға,
Ыстық қан өтеді.
Тағдырдан – тағдырға,
Тіршілік көшеді.
Ағаштар иеді,
Туады жапырақ.
Күн көзін сүйеді –
исініп топырақ.
Көктегі көңілден,
Жылылық тарайды.
Көк өскін өмірге,
Қилтиып қарайды.
Бусанған дала, қыр,
Қызғалдақ қаулайды!
Босанған ана бір,
Мейірім саулайды...
...Өлгенді тірілту,
Өшкенді жаңғырту.
Сұлуға үңілту,
Ғашық қып қайғырту!..
Көк пен жер сүйісті,
Жұмбағы шешіле...
Ой мен қыр күлісті,
Гүл қадап төсіне.
Бәйшешек гүл ашқан,
Түрленген көк белім!
Қош келдің, қуантқан,
Құралай – Көктемім!..