31.08.2022
  202


Автор: Жанат Әскербекқызы

Ашынған терек аңырап...

Ашынған терек аңырап,
Жапырағына ұмтылды.
Сенімді соған жанып ап,
Көңілім болды бір түрлі.
Ызғырық желдің өтінде,
Жалаңаш қалды-ау қалтырап,
Айналдырды күз жетімге
Жапырақ-жанын тартып ап.


«Кәр төгіп қатал қыс келер,
Соңында бірақ көктем бар.
Көктемің саған күш берер,
Тоқташы, терек, төккен зар!»
Айта алмай мұңын іркіліп,
Солқ ете қалды сол терек.
Жер құшып жатты бұлқынып,
Бүріскен жапырақ еркелеп.





Пікір жазу