31.08.2022
131
Қабағыма ілінеді ауыр мұң...
Қабағыма ілінеді ауыр мұң,
Қағып қалсам
кірпігімнен құлайды.
Әзірге ме ...
тек әзірге тәуірмін,
Жабығумен өткізермін бұл айды.
Сүмбіледе қиялға сан сүңгідім,
Қырық құрау көңілімді жұбатып.
Күрсіністен құтқарады кімді кім,
О, жарықтық!
Сезімім тұр гүл атып.
Ақыраптың ызғары бар тоңдырар
Өлер жерін білмейді ме ...
Сорлым-ай!
Наурыз туа төпелесе
соңғы қар
Соңғы жырын айтып берер
Ол жылай...