31.08.2022
112
Өртеңге өскен гүл едім...
Өртеңге өскен гүл едім,
Өксумен семіп, жүдедім.
Тірліктің уын татумен,
Қуарып кетті реңім.
Түнерген мұңлы түн едім,
Түнере жүріп, түледім.
Жұлдызға жанып сезімді,
Төзімді айға біледім.
Асқақ шың болса ұлы едім,
Шыңға өскен шынар бірі едім.
Жасын боп ойнап көгінде,
Шарт сынып жерге сіңемін.
Несібем –ғайып, білемін,
Несіне жалған күлемін.
Дерттенген жанның бірі едім –
Дертімнің табар кім емін?!
Өртеңге өскен гүл едім,
Өксумен семіп, жүдедім.
Жабырқау өмір өтінде,
Жабырқай солып тұр өңім.