31.08.2022
  95


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қап-қара түнге қадалып...

Қап-қара түнге қадалып,
Қап-қара көзге мұң тұнар.
Қапалы үміт жоғалып,
Қаралы көңіл бұлқынар.
Жабығып жатқан қырқаға
Жабырқай қарап тұр аспан.
Жағасын боран жырта ма,


Жұлқына ойнап, қыр асқан.
…Ақ кебін киген қыратқа
Бауырын төсеп қара түн,
Жеткізер жайып қыратқа
Қарақұс сынды қанатын.
Ағаштар басын тұр иіп,
Еңсесі түсіп, бүрісіп.
Кеудеге бір мұң құйылып,
Бір суыр жүрек, бір ысып.
Қаһарлы қаңтар қабарып,
Долданар бардай ақысы.
Қиықша ай туды жаңарып,
Өзіне жайлы жатысы…





Пікір жазу