31.08.2022
120

Анау жұлдыз...
Анау жұлдыз...
Мазақтады,
Тірлік қандай о жақтағы.
Тәнімді түн еркелетіп,
Ал, жанымды азаптады.
Анау ай да
Міз бақпады,
Жүрегімді сыздатқаны,
Сыртым – шілде,
Ішім – ақпан,
Сезіміме мұз қатқаны.
Анау аспан
Түнереді,
Өстіп-өстіп түн өледі,
Ғұмырымдай елес берер,
Толған айдың жүдегені.
Мынау таңға
Айтарым көп,
Сауалыма қайтарым жоқ,
Ғарыш жаққа қадам басам,
Біраз жүріп қайтамын деп.