31.08.2022
103
Қар үстіне гүл өсті...
Қар үстіне гүл өсті
Қарып түсті үскірік.
Қатігездік тіресті,
Нәзіктіке күш қылып.
Қырау шалды желегін,
Қызыл түсін оңдырып.
Тиесілі - өр өлім
Тағдырында сорлылық.
Қарлы қыста қақ жарған
Қара жердің құрсағын.
Қаламаған ақ жолдан
Көктеменің нұр шағын.
Ызғар буып тамырын,
Ызаланар – дәрмен жоқ.
Қарға шашар бар үнін
Тұла-бойын зар меңдеп.
Мың күдік пен жүз үміт,
Қауызында алмасып,
Кірпігіне мұз іліп
Қаңтарға тұр жармасып.
Сезімнің шоқ-тәніндей
Қаңтардағы қызыл гүл
Соның қысқы әніндей
Құлағымда ызың жүр...