31.08.2022
  68


Автор: Жанат Әскербекқызы

Күн мүлгіп тұрып алды...

Күн мүлгіп тұрып алды,
Күл – тірлік ыңыранды,
Қадалып кеудесіне
Сұмдықтың сұғы қалды.
Өмірдің жүрегі – шер,
Жарыққа түнегі – шел,
Кересін керең дүние
Кесапат тілеп ішер.
Қу құлқын қол алып тұр,
Қанағат жол алып тұр.
Ақылдың жанарынан
Ап-ащы сор ағып тұр...
Өзгеге өкпем бар ма...
Өкпем жоқ өктем жанға.
Төменде қыран бұғып,
Қарқылдар көктен қарға...





Пікір жазу