31.08.2022
99
Жалғыз жұлдыз көгімнен...
Жалғыз жұлдыз көгімнен
Жымиды да кетті ағып.
Тағдырыма телінген
Өкініш пен кекті алып.
Ағып түсті ... жоғалды
Біле алмадым дерегін.
Көзім жасты боп алды,
Ізін қуып келемін.
Қаралы түн қамығып,
Жұбата алмай налыды.
Қала берді зарығып,
Көмескі айдың жарығы.
Сыбыр етті қап-қара үн,
“Бұдан әрі бар ма” деп,
Таба алмаспын ...таппадым,
Талықсыдым таңға кеп.