31.08.2022
82

Қызыл іңірдің қызыл нұрына...
Қызыл іңірдің қызыл нұрына
сүрініп кеттім.
Жүрегім ыршып, жүзім құбыла,
Қайда барсам тірелерім – тығырық деппін.
Өз ұятына өртенген аспан
тілін тістеді.
Жексұрын түнек желкемнен асқан
Пәктікке зорлық көрсетер зұлым күш пе еді?!
Жазықсыз мынау жаратылыстың
қан-жоса жаны.
Түрткілер тәнін нала – тіміскі үн,
Қуалап бәрін қиырға таң жасанады.
...Оянар өмір құлықсыз ғана –
өлімге бодан.
Солығын баспас сұрықсыз дала,
Төсінде – тірлік – арбаға жегілген адам.