31.08.2022
77
Көңіл түбіне күн бұғып...
Көңіл түбіне күн бұғып
Көлегейлейді мың күдік.
Қара түлейге көз салсам –
Көлденеңдеді құр күлік.
Қап-қара түске құмармын,
Түннің перзенті шығармын.
Қара жер басар баурына
Қанаты сынық сыңармын.
Қапыға қадам басқанда,
Соғылам зілдей тастарға,
Аңыра қарап қаламын
Ай аунап кеткен аспанға.
Тірліктің кешіп бүлкілін
Ала алмас жаным бір тыным,
Көңіл түбіне бұққан күн,
Көтере алмай кірпігін.