31.08.2022
  150


Автор: Жанат Әскербекқызы

Барады мынау қараша...

Барады мынау қараша
жарытпай қарға,
Жаутаңдай бермей балаша
қалып қалмай ма.
Жаңбыр ма қар ма , білмеймін
себелеп тұрған,
Елес боп бір күн жүр деймін
көбелек қуған.
Суық па әлде жылы ма
қараша демі,
Мені ортақ қылса сырына
Жарасар еді...
Қараша ғана ұғады
Жанымды менің,
Қабағым бағып тұрады
Бәрін білемін...



Қараша,2004ж.





Пікір жазу