31.08.2022
  119


Автор: Жанат Әскербекқызы

Шолпанның өңі бозарып...

Шолпанның өңі бозарып,
Жұлдыздар жұмды жанарын.


Шығыстан шуақ сөз алып,
Шырқады құстар таң әнін.
Шырқады құстар таң әнін,
Сергектеу самал жүгірді.
Шырайлы тұсқа қарадым –
Қарсы алайын деп Күнімді.
Қарсы алайын да Күнімді,
Қабақтан шуақ жаудырып...
Тіршілік қайта тірілді,
Қозғалды сосын тау күліп.
Тарбағатайдың таңы бұл,
Есіме қалған енші боп…
Оралар ма екен тағы бір,
Балалық шаққа келші деп…



2004 жыл. Астана





Пікір жазу