31.08.2022
  275


Автор: Генерал Асқаров

Сен ғана

(әні бар)
Ерке боп өскен далада,
Сүйдім мен қазды сары ала.
Қайтейін, бақша бұлбұлын,
Салған сол игі ой санама.
Өзіңсің арман,
Ай-күнім қалқам,
Сен ғана.
Жасқанған көзбен қарама,
Келгенде аңсап күн ара.
Келші, қон қолға, шошыма,
Жарығым күндей бір ғана.
Арманым өзің,
Сен жаутаң көзім,
Сен ғана.
Армансыз адам бола ма,
Сен үшін бірақ ол дара.
Даланың сұлу еркесі,
Сезбесең оны не шара...
Шалықтап арман,
Өкініш болған,
Сол ғана.
Арманым өзің,
Сен жаутаң көзім,
Сен ғана.
1960 жыл, желтоқсан. Алматы қаласы.





Пікір жазу