30.08.2022
  674


ПІЛ ТУРАЛЫ НАҚЫЛ

Бір бала циркке баруды өте жақсы көрді. Оған көркем де көңілді қойылымдар ұнады. Бір күні, олардың қаласына аңдар бар цирк келді, ол әкесін циркке апаруды өтінді.
Балаға ең қатты ұнағаны – піл
Ол керемет заттар істеді: ауыр заттарды көтерді, жонгерлік етті, артқы аяқтарымен жүрді. Қойылымнан кейін, бала пілді жақыннан көргісі келіп, әкесін жануарлар тұрған торлардың қасына алып баруын сұрады. Онда ол пілдің бір аяғынан байланғанын және қазықтың жерге қағылғанын көрді. Мұндай алып пілге қазықты суырып шығып кету түкке тұрмайтын шаруа еді.
– Әке, піл неге орманға, еркіндікке кетпейді, мұны жасау оған түкке тұрмайды ғой? Деп сұрады бала әкесінен. Оның күші көп қой.
– Себебі ол үйренген және мұндай жағдайға дағдыланып кеткен. Сонымен бірге, оны кішкентай кезінде ұстап алған және шынымен де шынжырмен қатты байлап қойған. Кішкентай кезінде ол күнде бостандыққа шыққысы келіп, шынжырдан босануға баркүшінсалған, екінші ая ғымен теуіпшықпақ болған, ақырында күші бітіп шаршайтын болған. Соңында, ол өзінің күші жетпейтіндігіне сеніп, өз тағдырын мойындап, бостандыққа шыға алмайтынғын түсінген күн жетті. Қазір, ол үлкен, күшті піл бола тұра, бостандыққа шыға алмайтындығына сенімді... ол Бір шыға алмағандығын әлі ұмытқан жоқ және әлі күнге ол қолынан келмейді деп ойлайды және ең жаманы, ол өзінің күші мен мүмкіндіктерін байқап көруге тырыспады.





Пікір жазу