29.08.2022
216
Қарашаның түлей түні...
Қарашаның түлей түні...
Алқынады жел,
Белгісіз не тілейтіні
Шарқ ұрады жел...
Аласұрған жанына сая іздей ме екен,
Тылсым ғалам қойнына
Талпынады жел...
Желге ілесіп алқынар
Жетім жүрегім,
Ызғар-тағдыр шымшылар
Бетімді менің.
Өксимін келіп, білмей қап жалғанда мына
Опа бермес пенденің өкіндірерін.
Жанымның жалғыздығына
Түршігеді жел,
Түңіліп тұрсам тұншығып,
Күрсінеді жел,
Аялай сипап сорлылау
Жазымыш-маңдайдан
Аймалай құшып,
“еркелеп, күлші”, - деді жел...
...Күле алмадым.