29.08.2022
  132


Автор: Мақпал Жұмабай

Жазылмай қалған өлеңдер

Ақ таулар мені емдейді,
Білемін олар - кемеңгер.
Бірақ та тыным бермейді
Жазылмай қалған өлеңдер!
Жанарымда бір төзім жүр,
Жігерің аздау демеңдер.
О, мені бүгін мүжіп жүр
Жазылмай қалған өлеңдер.
Жапырақтың да бар мұңы,
Көңілім неге елеңдер.
Өткен күндердің барлығы -
Жазылмай қалған өлеңдер!
Мұңайдым таңның алдында,
Шуылдап жатыр емендер.
Мен кінәлімән алдыңда,
Жазылмай қалған өлеңдер!





Пікір жазу