29.08.2022
  103


Автор: Мақпал Жұмабай

Бақытын сезгін самғаудың

Адалдықтардың айбыны,
Адалдықтардың айбыны,
Жердегі қулық-сұмдықтан
Қамығып қалдың қай күні?!
Сүйрелеген ем сенімді,
Секемдер менен жеңілді.
Көкем-ау, сенін күлкіңнен
көре алмай тұрмын өмірді.
Біреулер жайлы тақ іздер,
Біреулер ылғи бақ іздер.
Тағдырдың өзі — қарлығаш
жанына жылы жақ іздер?
Бақытын сезгін самғаудың,
Бақытын сезгін самғаудың.
Амалын ізде, адамдар,
Бақытсыз болып қалмаудың!





Пікір жазу