29.08.2022
80
Тауларға да, таңға да – толып алаң
Тауларға да, таңға да – толып алаң
Жан таптырмай қойды ғой жаным маған.
Мені ләйліп, өмір-ей, жүр деп пе едің,
Іздеп келем жырымды жазылмаған!
Көрсетпегін өңкей бір мәймөңкені,
Себебі, жыл, күндер де – жәй ертегі.
Елегізіп таңдарда атып тұрам,
Менсіз бастап кетердей жәрмеңкені.
Ғашық болдым, нөсерлі сұлу таңға,
Нөсерлі таң, жанымның жыры қайда?
Батырашты жеңем мен арманымды
Жібергісі келмейтін Ұлы тауға.
Сонда мүмкін алаңсыз күлемін мен,
Жақсы көріп жанымды күле білген.
Қарап тұрам мүмкін мен
Ұлы таудан
Жанарларға... жеңімпаз жүрегіммен!