29.08.2022
105
Шаңыраққа бірде елес боп, бір кірген
Шаңыраққа бірде елес боп, бір кірген
Бақытымнан сұрамаймын келісім.
Таң атқанда асығыстау жүгіріп,
Автобусқа мінгенім де – жеңісім.
Сол себептен сал-серілеу байлықтан
Қарыз ақша сұрамаймын жығылып.
Жүріп келем, күліп келем, жалғыз-ақ –
Жерді басып жүргенімді ұғынып.