29.08.2022
  74


Автор: Мақпал Жұмабай

Түнеру тауға жарасқан...

Түнеру тауға жарасқан...
Мүлгіме мүлдем, мүлгіме!
Менде, әлем, саған айтатын
Көл-көсір әлі әңгіме.
Көк-ала күндер қасыңнан
Зу етіп өтті, не шара?
Адамдар кейде ақылды,
Адамдар кейде бейшара!
Орманбыз, теңіз, қорғанбыз,
Бәріміз түгел - ойлымыз.
Ендеше, неге тым аздау
Айтамыз өмір жайлы біз?
Көңілге, күллі өңірге...
Көктемдер орнамайтындай,
Олар да, сен де, барлығы
Жүрегін тындамайтындай.
Далада неге алаң бар?
Құлазымаңдар, өтінем.
Жақсылық қана іздейік
Дөңгелек жердің бетінен!
Жамандық ойлағандарды
Қатарға мүлде қоспаймын.
Солардың күні біткенде
Мен өмір сүре бастаймын,
Мен өмір сүре бастаймын!





Пікір жазу